Төрлет, Латын тілі.

Елбасының бағдарламалық мақаласынан кейін қоғамда оның жүзеге асу жолы жайында жақсы пікірлер айтылып жатыр. Бұл жобаны қолдап жатқан өңір мамандары латын әліпбиіне жеделдетіп көшуді қуаттауда.

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мәселесі енді ғана көтеріліп отырған жоқ. Елбасыбұлбастаманыбірнешереткөтергенібелгілі. Яғни, бұған дейін де халықты рухани жағынан дайындаған болатын.

Латын әліпбиіне көшу туралы зиялы қауым пікір білдірді. 2017 жылы 11 қыркүйекте Парламентте талқыланған маңызды мәселеге қатысты еліміздің өңірлеріндегі тіл мамандары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдірді. Барлығы бірауыздан бұл еліміздің жалпы дамуына қажетті қадам екендігін алға тартуда.  Бұдан кейін зиялы қауым жер –жерлерде, халықтың ой-пікірлерін білу үшін кездесулер өткізді. Нарынкол аулында да осындай кездесу өтті.Кездесуге облысымыздың Жетісу мемлекеттік университетінің тілдер жөніндегі мамандары, «НұрОтан» халықтық  демократиялық  партиясының өкілдері келіп, латын әліпбиіне көшуге  байланысты кездесуөткізді. Кездесу барысында латын графикасының соңғы үлгісі көрсетілді. Жұртшылық  латын графикасына байланысты өз ойларын ортаға  салды,  көптеген сұрақтар қойылып, пікір алмасты.Кейбір адамдардың латын әліпбиі мен латын тілін шатыстырып жүргені де білінді.

Бұл жерде қазақ тілі сөздерінің  өзінің буын үндестік үйлесімдігі жағынан әлі де болса тереңдеп дами түсетіні  анықталды. Яғни үйлесімділігін табады. Ал қазіргі күннің өзінде кириллица таңбасында дыбыс үндестігіне қатысты біраз  ескертулеріміз бар. Әлі де болса бұл жерде кириллица таңбасының кейбір жағдайлары үйлеспей жатқан жерлері  бар  екені туралы да пікір білдірілді. Аймақтық  ауыл әкімдері,орынбасарлары, мектеп директорлары мен  мұғалімдер,  дәрігерлер  қауымы  бір ауыздан  латын әліпбиін  қолдады.   Кирилл графикасына да рахмет. Қолданыста болған уақыт еліміз өркендеді, талай ғылымдар мен профессорлар өз еңбектерін қорғады, еңбектеген сәби мен еңкейген қарияға дейін осы оқулықтармен  білім нәрін сусындатты.

Латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік, – дейді мамандар. Біздің ұлтқа латын графикасының  еш бөтендігі жоқ. Көне жасалған  фильмдерден көріп,  сөздерді оқи береміз. Латын  әліпбиіне  көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі.Осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеруге болатыны айдан анық.  «Мәңгілік ел »  идеясына байланысты мәңгілік елдің мәңгілік тілі мен әліпбиі де болуы екерек.

С.Әшімбаев о/ммектеп директорының оқу  ісі жөніндегі  орынбасары   Жусанбаев М.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password