Рух оянбай, санада серпіліс болмайды.

Қулық тауының етегіне орын тепкен Жылысай елді мекені күзгі жиын-терінді бітіріп, қыстың қамын жасап қойғаны да көрініп тұр. Қазыналы қариясы бар ауылдың берекесі молаймаса,  азайған емес. Ақыл кеңестерін аямайтын әжелеріміз бен қазыналы қарттарымыз қашанда сол ауылдың тірегі. Әп деп сөз бастап, алдымен жақсылық тілеушісі де солар. Біз атбасын тіреген Майлы Орманов бабамыздың атындағы білім ошағынан бастағанды жөн көрдік.  Алтын ұя мектебі кезекті «Жетісу әндері» байқауы  семинарын өткізіп жатыр екен. Мектептегі 7-11сынып оқушылары арасында өткен «Рух оянбай, санада серпіліс болмайды» деген тақырыпта « Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ « Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы»  КММ –нің  Райымбек ауданы бойынша инспекторы  Жансанбай Сыдық қатысқан салиқалы жиын өтті. Дәстүрлі дін төңірегінде қойылған оқушылардың сұрағына «Дін саласындағы  мәселелерді зерттеу орталығы»  КММ-нің инспекторы Жансанбай Сыдық жауап беріп, басқа ағымдағы дін деп жүрген шатасқан жанның  өзге елдегі бастан кешкен жан түршігерлік  бейнероликтері  көрсетіліп, түсініктеме берілді. Әкімшілік ғимаратында  ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары,  мешіт имамы басқа да маман иелерінің қатысуымен  өткен жиын кімге де болса ой салдырмай қоймады. Ауылдық кеңестің  ақсақалдар төрағасы  Болат Таубалды ағамыздың  ел бірлігі төңірегіндегі ой салар  орамды ойлары  жастарға үлгі бола білді.  Райымбек ауданы дін саласындағы зерттеу орталығының инспекторы Жансанбай Сыдық    тәуелсіз еліміздің  ынтымағын  одан әрі нығайтып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

 Өз тілшіміз

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password