Бәрі де уақыттан туындаған

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шын мәнінде Тәуелсіз Отанымыздың жаңа да жарқын белестеріне қарай бастап отыр. Елім-жерім деген Тұңғыш Президентіміз мемлекетіміздің келешегін қамдаған, ойында жүрген іргелі істерді алға тартты. Бұл көптің ойынан шықты. Халқы қолдады. Елбасымыз айтқан түрлі бағдарламалар бойынша жұмыстар басталып та кетті. Соның бірі мемлекетімізді алдағы жылдардан бастап латын әліпбиіне көшіру туралы бастамасы болды. Бұл жөнінде арнайы Жарлығына да қолын қойды. Бұл тұрғыда «Мектеп қабырғасындағы балаларымыз ағылшын тілін оқып, датын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес» — деп атап көрсетті.

Мектебімізде Елбасымыздың мақаласына байланысты көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе, туған жерге қатысты дүниелер қолға алынуда. Біз мектеп қабырғасындағы жас ұрпақты  Отанын сүюге, туған жерін аялауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болуға тәрбиелеудеміз. Болашақ, келешек үшін ағылшын тілін меңгеруге ұмтылдырудамыз. Мұның бәрі күнге қарай бой түзеп өсіп келе жатқан балапандарымыздың  уақытқа қарай қалыптасқан азаматтар болып өсіп-жетілуі үшін көптен-көп қажет. Олар ағылшын тілін білсе, келешектің кілтін ұстайды, ештеңеден қиналмайды. Сол үшін де бәрін шәкірттерімзге түсіндіріп келеміз.

Жақын уақыттарда өзінің құрылғанының 26 жылдығын атап өтетін Тәуелсіз Отанымыздың тұғыры биік, келешегі кемел, босағасы берік бола берсін!

                                                     Ерғали Мамыров,

                                   Ә.Ниязбеков атындағы орта мектептің директоры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password