ЭКСПО аумағы мұз айдыны мен қалашығына айналады

11 қараша күні ЭКСПО қалашығында аумағы 3500 шаршы метрлік мұз айдыны ашылады. Ал желтоқсанда мұз қалашығын ашу мен еліміздің бас шыршасын орнату жоспарланып отыр, деп xабарлайды Kazgazeta.kz    Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АК коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев мәлімдеді.

«Астаналықтар мен қала тұрғындарына  11 қарашада ЭКСПО қалашығында мұз айдынын ашамыз. Оның жалпы аумағы 3500 шаршы метр. Пішіні де ерекше, елімізде дәл мұндай мұз айдыны болған емес деп сенімді түрде айта аламын», — деді Дәулет Еркімбаев.

Сонымен бірге ол көрме аумағында еліміздің бас шыршасы орнатылатынын атап өтті.

Дәулет Еркімбаевтың айтуынша «Нұр Әлем» маңайындағы субұрқақтар арасында мұз айдыны салынады. Желтоқсанда бұрынғы Амфитеатр маңайында Астана қаласының әкімдігімен бірге мұз қалашығы тұрғызылады.

Мұз айдынына кіру билеті 1000 теңге. Бір сеанс орта есеппен 4 сағат болуы мүмкін. Осы жерден 1000 теңгеге конькилерді жалға алуға болады. Жеңілдік беретін билеттер қарастырылған: 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, ал оқушылар мен зейнеткерлер 50% жеңілдікпен кіре алады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password