2020 жылдың мамыр айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 19 млрд теңгені құрады

 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 мамырына дейінгі кезеңде ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 338,6 млрд.теңгені құрады.
Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 19 млрд.теңгені құрады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы         облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 638,4 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 363,4 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password