Өнерге қызмет ету – өркениет белгісі!

— ХХІ ғасыр білім ғасыры болып табылады. Онда бірінші кезекте білім сапасы тұрса, екінші жағында жастарды шығармашылыққа, өнерге баулып, рухани жан — дүниесін байыту, олардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру міндеті қойылған.

Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласына орай қазақ халқының рухани қазынасы,асыл мұрасы дәстүрлі өнер түрлерін дамыту,насихаттау, өнер арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту басты міндетіміз болып табылады.

Кез-келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі тікелей бала тәрбиесіне, оның жан-жақтылығына байланысты. Мемлекет тарапынан бала болашағына ерекше көңіл бөлінуде. Оның бір айғағы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында балаларға қосымша білім беру мазмұнын жаңарту мынадай бағыттар бойынша қарастырылған: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық- биологиялық, туристік- өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-сауықтыру т.б. Осы талаптарды орындауда  Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің ұжымы барынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Өнер мектебінің өрендерін өнерге баулып, музыка, көркемсурет, сәндік- қолданбалы өнер бөлімдерінде өнер өлкесінің қыр-сырын үйретіп, өнерлі де  дарынды  шәкірттерді биіктерге самғату мақсатында ұстаздарымыздың еңбегі зор.

Қарасаз  өнер мектебінде  еңбек етіп жатқан педагог кадрлардың жалпы саны 26, оның ішінде жоғары білімді  педагогтар 18, арнаулы орта білімді педагогтар саны  8. Мектебіміздің  Шалкөде, Талас, Сарыжаз, Тұзкөл ауылдарында бөлімшелері жұмыс істейді.

Осындай білікті де білімді мамандардан тұратын мектеп ұжымы өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін, өнерін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі  рухани құндылыққа  шәкірттерді тәрбиелеп шығаруда.

Тәжірибелі білікті педагог өз кәсібінің  шебері. Оқушыларының өз бетінше ізденіп, еңбек етуіне ықпал етеді, үйретеді, тәрбиелейді.

Атап айтқанда, Шалкөде бөлімшесінің «Көркемсурет» бөлімінің ұстаздары А. Джапсарбаев, Е. Есімсартов, «Музыка» бөлімінің ұстаздары Г. Үйсінбаева, Б. Белбейсова, Т. Өзбекова, «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің ұстазы С. Масенова, «Көркемсурет» бөлімінің ұстаздары Д. Бексергенов, Е. Алипбаев және жас мамандар М.Мәуленқызы, А. Құлбаева т.б. ұстаздардың тәрбиелеп,  оқытқан шәкірттері түрлі деңгейдегі республикалық, халықаралық байқаулардан  жүлделі орындарды иеленіп, мектебіміздің мерейін өсірді.

Осы орайда топ жарған  шәкірттерімізді атап өтейін: Айбек Жансая,   Иса Самғат, Мұрат Айару, Омазғазы Ақниет, Базарбай Ерсанат,  Молдабай Алина, Бақыт Таңғалды, Естеу Әдемі, Құрманбай Айжан, Тоқтасын Қызғалдақ, Кемелбек Жанел, арман Кәусар, Аманжол Айзере, Қалибай Айару,  Төлеген Айбек, Баттал Айым, Төлеш Жәнібек, Мұқаметқан Балжан, Бүтінбаева Айым, Тұлдыш Анара, Тұрсынбай Ерасыл, Тілеуберді Алтынбек, Тоқтасын Қарақат, Сембай Айзере, Әділ Наз, Естеу Жәнібек, Марат Сая, Серік Әмина, Нұрғалық Орынбасар, Алғатілек Ақжол, Сартбай Иманғали,               Әбікен Нұржан, Ақан Данель, Қонақбай Аделя,  Амангелді Айғаным.

Біздің мектептің мақтаныштары !

Ерекше атап өтетін жайт,мектебіміздің сурет және қолөнер бұйымдары аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі шаралардағы көрмелерде жоғарғы  бағаланып жүр. Жақында ғана Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 24 -ші сессиясында өнер мектебі оқушыларының көрмесі облыс басшылығы тарапынан зор ықыласқа ие болды.

2018-2019 оқу жылында оқушыларымыз- 46, ал ұстаздарымыз -32 марапат иеленді.

2018-2019 оқу жылында Қарсаз ауылындағы өнер мектебін «Музыка «бөлімі бойынша 2 оқушы, «мүсін» класы бойынша 6 оқушы, «қолөнер» класы бойынша 6 оқушы,»сурет» класы бойынша «Шалкөде» бөлімшесінен 7 оқушы, сурет класы бойынша Талас бөлімшесінен   5 оқушы,» тігін-тоқыма» класы бойынша 7 оқушы,»қолөнер-ағаш» класы бойынша  6 оқушы, барлығы 39 оқушы өнер  мектебінің толық курсын аяқтап,қолдарына куәліктерін алды.

Елімізде жасалып жатқан игілікті істердің барлығы еліміздің болашағы-Сіздер үшін,жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалып жатыр.

Өнерге  қызмет ету- игілікті іс. Өнер ордасының бағындырар асулары мен жетер жетістіктері алда! Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, дарынды, өнерлі, білімді шәкірттерді тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етейік.

Қарасаз өнер мектебінің директоры Бахытгүл Раева.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password