Әсерлі кездесу

   Жуырда аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде «Ер намысы – ел намысы» тақырыбында кездесу болды. Жерлесіміз, ағайынды Назаровтар  ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Ардақ  пен  УАФЦ тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт  оқушылармен әсерлі әңгіме өрбітті.

  Таудан шыққан тау мінезді азаматтар  кездесу барысында адамгершілік аясында ақыл-кеңестерін айтты. Өмір – әркімнің қолына берілген аманаты екенін және сол жолда адам өзін тал шыбық кезінен тәрбиелеп, үйрету керектігін кемелді кестелеп айтты.

   Сақалар ғана тұтқа болған спорт саласының сан қырлы қызығы мен қиындығын, жеңісі мен жеңілісін жырдан қызық қып жеткізді.

    Әрбір салиқалы сөздерден сабақ алған оқушылар ұйып тыңдап, қос чемпионның қадірлі сөзін құлағына құйды.

 Ата дәстүр ізгі жолдың жаһандану уақыттағы төргі орнын түсіндіріп, өзгенің қаңсығына құл болмаудың тетігін айтты. Сондай-ақ, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу үшін имандылық иірімдеріне үңіліп, батырлар, ақындар жырларының мақсаты туралы тарқатты. Туған жердің түлеп ұшқан тұлғалары – Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Баққожа Мұқайдың ұлт тәрбиелеу жолындағы жемісті еңбектерін тілге тиек етіп, оқушыларды кітап оқуға, рухани бай болуға шақырды.

  Салиқалы, салмақты  кездесу соңында оқушылар қос чемпион жерлес ағаларымен естелік суретке түсіп, келелі  кездесулер жиі болып тұруын сұрады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password