Әлеуметтік төлем алаудың қандай тәсілі бар?

 

     Төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айрылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42 500 теңге төленеді деп хабарланған болатын.Осыған байланысты әлеуметтік төлемдерін тағайындау ережелеріне өзгеріс орнады.Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде қызметі шектеліп , табысынан айрылған жағдайда ақысыз демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес жұмысшыларына , карантин кезінде ірі кәсіпкерлік субьетілерінің жалақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлерге, жалдамалы еңбек күшін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге , жеке ісімен айналысатын азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, ақысыз демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкелеріне берілетін болады.
Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке тағайындалғысы келіп жүрген азаматтар документтеріне мұқият болуын сұраймыз.Өйткені әрбір толтырылған тараулар өте маңызды болып келеді.Егерде қате кеткен жағдайда ақша азаматтардың карталарына түспей қалуы мүмкін-деп атап өтті Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.
Алматы облысында осы әлеуметтік көмекпен айналысатын арнайы штаб құрылды. Бұл әлеуметтік көмекті алу үшін алдымен арыз жазулары керек. Облыс бойынша 13 мыңнан астам тұрғындар арыз жазып әлеуметтік көмекке тағайындалды. Бұған дейін бұл іспен бір ғана веб сайт жұмыс жасаса, қазіргі таңда enbek.kz сайты қосылды. Осыған дейін веб портал көп арыз түскеннен біраз ақаулармен бірге жұмыс істеп тұрған еді.Қазір бұл мәселелер қолға алынды.Арыз жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауабы келеді. Егер сізге келген хабарламада әлеуметтік көмек тағайындалғаны туралы айтылса, онда сіз 42 500 теңгені алатын боласыз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password