Әкемнің айтқан  әңгімесі

 Менің әкем Мұқағали ағамен құрдас еді. Әкем Сағымбаев Муса ол кісі туралы бізге әңгімелеп беруші еді. Бірде әкем, Мұқағали туралы мынадай әңгімені айтып еді: «Біз Мұқағали екеуміз Қарасудан балық аулап, балалық шағымызды бірге өткіздік. Ол балық ұстап отырып, күбірлеп сөйлеп отыратын. Сөйтсем сонда өлең шығарып отырады екен ғой. Біз ол кезде ештеңке ойламаппыз.

      Кейін Мұқағали Алматыға кетерінде қабырғасы тұрғызылған үйін маған сатып кетті.  Үйдің бір бөлмесін кітапханасы етіп бөліп жасаған екен. Мен Лашынға не деп айтасың десем, мен Лашынға Алматыдан мынау деген үй салып беремін  деп күлді дейді. Кейін Алматыдан бір топ қонақтарымен, ішінде Олжас Сүлейменов  бар қонаққа келіп, Шалкөденің жайлауына мамам екеуі алып барып, қойларын сойып, жақсылап сыйлап жіберіпті. Әкем марқұм осы әңгімесін айтқан еді.

      Қазіргі әкем тұрған үй сол Мұқағалидан алған үй. 1991 жылы М. Мақатаевтың 60 жылдық тойына қарсы Қарасаздағы сол үйді телевидениеден адамдар келіп, үйді түсіріп, әкемнен Мұқағали жайлы естеліктер сұрап жазып кеткен. Қазір  әкемнің немерелері: Ерлік, Ернұр, Ермектер Мұқағали атасының өлеңдерін жатқа оқиды. Ал Қырмызы атасының өлеңдерін музыканың көмегімен айтады.

      Ал мен өзім Мұқағали ағаны студент кезімде, шетел тілдері институтында  оқып жүрген кезде, бір рет трамвайдан көрген едім. Өлеңдерін оқимыз, жатқа айтамыз. Артындағы ұрпақтарын аруағы қоршап, қолдап жүрсін.

      Мектепте 36 жыл ұстаздық жұмыс істедім. Осы жылдарда оқушыларға, шәкірттеріме Мұқағали жайлы, оның өмірі, шығармалары жайлы үнемі үлгі етіп отырдым. Ақиық ақынның ауылынан екенімді, сол кісінің үйінде(салған) тұратынымды мақтан етемін.

    Майра Сағымбаева,

Қазақстан білім беру ісінің үздігі,

                                            Зейнеткер.

                                                                                         28.04.2016 ж.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password