Ұлыс оң болсын…! Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, аудан әкімі

        Құрметті аудан тұрғындары!

        Ардақты ағайын!

         Ұлыстың ұлы күні, жақсылықтың жарқын мерекесі, Жыл басы – Наурыз мейрамы құтты болсын!

        «Дастарханға ақ толатын, елге бақ қонатын, арайлы шақты халқымыз – ұлыстың ұлы күні деп бекер атамаған», — деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, дана халқымыз Наурызды ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.

        Наурыз айы – жаңару мен жаңа істің, ырыc пен ынтымақтың алтын арқауы саналады.

         Күллі шығыс жұртына ортақ – Наурыз мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр.

         Күн мен түн теңелетін, жыл басы Наурызда бұлақтың көзін ашып, ағаш еккен. Алыс кеткен ағайын қауышып, жақсы тілекпен көріскен. Халқымыз Ұлыстың ұлы күнінде – Жаңа жылға үлкен үміт артады. Тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда – елге құт қонып, береке орнайды. Себебі, Наурыз мерекесі – ерекше қасиетті, қастерлі мереке.

       Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызды саралап, келешекке жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

       Бүгінде елімізбен бірге аудан жұртшылығының әлеуметтік жағдайы жақсарып, экономиканың барлық бағытында жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Қазір Нарынқол ауылында, барлық елді мекендерде құрылыс, ауыл шаруашылығы, экономикалық-әлеуметтік, білім, денсаулық, мәдениет басқа да жетекші салаларда қыруар жұмыстар атқарылуда. Береке-бірліктің арқасында бұдан да үлкен мақсаттарға қол жеткіземіз.

       Ардақты ағайын!

       Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған наурыз мейрамы құтты болсын! Жөні бөлек, еншісі ерек Ұлық мереке қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ата қоныс, туған жерінде түлеп жатқан еліміздің егемендігі баянды болып, ырызғы несібесі арта берсін. Арайлап атқан әрбір таң барша жұртшылыққа шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын.

       Ұлтымыздың мерейін өсіріп, салт-дәстүрімізді айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әр отбасына бақыт пен молшылық әкелсін!

       Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әз Наурыз – Мәңгілік Еліміздің айбынын асырып, Ұлы Дала ұрпақтарына бақ-береке әкелсін!

Ауданымыз жайнап, гүлдене берсін!

Қазыналы қарттар, жалынды жастар, бақытты сәбилеріміз аман болсын!

         Береке мен бірліктің бастауы болған Наурыз мерекесінде барша аудан тұрғындарына, әр шаңыраққа бақыт, қуаныш тілеймін.

        Жыл басы – Наурыз тойы құтты, Ұлыс оң болсын!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password