Ұлттық балалар ән конкурсының V маусымы

        Жуырда елімізде жыл сайын өткізілетін Ұлттық «Бала дауысы»балалар ән конкурсының V маусым финалында Алматы облысының намысын Диханбаев Едіге қорғайды.

       Едіге конкурсқа қатысқан 4 135 қатысушылар арасынан суырылып шығып, кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленді.

       Едіге небәрі 11жаста. Кішкентай жасына қарамастан туған жерін, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің,сүйікті ұстазы –Ломанова Ольганың үмітін ақтауға дайын.

        Едіге бала кезінен ән айтатынына қарамастан, домбырада шертіп, каратэ мен де айналысады. Болашақта Тоқтар Әубәкіров ағасы сынды космонавт болуды армандайды.

       Едіге басқа қатысушылармен бірге конкурс финалына дайындалу үстінде. 15 қазан, Республика Сарайы сахнасында сөзі – Әбдірахман Асылбек, әні – Марсель Алсейітов жазған «Ерікті елім» атты авторлық әнін орындайды.

       Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Едігенің талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен Ә. Назарбаеваның «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» Қоры ұйымдастыратын Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсында дауыс беріп, тілекші болайық!

       Едіге барлық балақайлар үшін еңбекқорлықтың үлгісі болсын!

Пресс-релиз.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password