Үйімнің төрінен табылады

 Өмірімнің мәні мен сәніне айналған аудан тынысы – «Хантәңірінің» кешегісі мен бүгіні көз алдымда.  Тарихтың тамыршысындай болған дара газеттің жаңалығын жібермей қарап отырам. Үйімнің төрінен табылатын басылым жүрісінен  еш жаңылып көрген емес.

 Кеше де, бүгін де, өткен де газеттің қаузар тақырыбы тайыздаған жоқ. Шаруалардың таудай табыстары, елеулі еңбектері  жаңғырықтай жетіп, жанымызды жадыратып, көңілімізді көркейтіп тастайды. 30 жыл еңбектің жолында бәрін де көрдім. Ең алдымен халық үшін қызмет еткенімді кім-кім де болса ұмыта қойған жоқ болар. Бір басыма жетерлік байлық болды. Ол емес көксерім. Менің байлығым – адамгершілігім. Менің байлығым – адалдығым. Осы екі қасиетті тізгіндей білу оңай  емес. Тауға да, тасқа да басымызды соқан кезіміз сан рет сындарлы сәтте салмақталды. Сол сындарлы сәттерді жақсы адамдармен көтере, жеңілдете білдік.

  Бүгінгідей керемет күннің, кемелді шақтың тууына  тер төге жұмыс жасаған сол жандар туралы «Хантәңірі» талай тақырыбына арқау етті.

  Осы күнге дейін ел үшін, жер үшін атқарған еңбегімді бір сөзбен таразылай айтсам – ұрпақ үшін жасаған қалтқысыз қызметім дер едім. Оның өркенді жолында өрнекті істерімізді ауданның айнасы – «Хантәңірі» көркемді көрсете білді. Әлі де сол бетінен тайған емес.

Кеңесбай Байқанов,

Алматы облысының

Құрметті азаматы.   

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password