Қоғамдық тәртіп сақшыларын қабылдады

       Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов «23 маусым – Қазақстан Полициясы күні» мерекесінде аудандық полиция бөлімінің жекелеген қызметкерлерін  қабылдады.

     -Тәуелсіз еліміздің полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұратын тұлға ретінде танылатыны анық. Солардың қатарында ауданымыздың қоғамдық тәртіп сақшылары – Сіздердің де бар екендіктеріңіз және тәртіп пен реттілікті сақтау жолында абыройлы биіктен көрініп келе жатқандарыңыз аудан халқының да мерейін асқақтатып, беделін арттыра беретініне сеніміміз мол, — деген аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов полиция бөлімінің қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауда алдағы уақытта да жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Мырзабекұлы мен криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Нұрболат Бейсенбаевты аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Қазіргі ахуалға байланысты полиция қызметкерлерінің бәрін қабылдауға мүмкіндік жоқ болып отырғанын еске салған аудан әкімі марапатқа ұсынылған қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Алғыс хаттар» жолдады.

«Аспантау ақпарат»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password