ҚОСАҒАШТА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

          Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округіне қарасты Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп ашылды.

Білім ордасының құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталған. Мектептің бой көтеруіне республикалық бюджеттен 700 млн. теңге қаржы бөлінген.

Мектеп толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Компьютерлік құрылғыларпен қамтамасыз етілген. Одан бөлек, жеке компьютер класы, қыздар мен ұл балаларға шеберхана және лаборатория кабинеттері жасақталған.

«Бүгін көптен күткен мектептің ашылуы болып жатыр. Ауылымызда жаңа мектеп бой көтерді. Оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бұрынғы мектептің жағдайы нашар болған. Енді мұғалімдер жаңа компьютерлік сыныпта, интерактивті тақтамен сабақ беретін болады»-деп атап өтті Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бахтиярова.

Жаңа мектеп 38 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Оның 29-ы ұстаздар қауымы. Мұғалімдер «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында бізге үлкен сый болды деп қуануда.

Айта кетейік, одан бөлек Кербұлақ ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Сарыбастау орта мектебі және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыбұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.

Кербұлақ ауданы, Қосағаш ауылында мектеп қолданысқа берілді.

Білім ордасы 80 орынға лайықталған.

Республикалық бюджеттен 700 млн. теңге бөлінген.

Мектеп толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Нысанда шеберхана мен хертхана сыныптары жасақталған.

Мекемеде 29 ұстаз еңбек етеді.

Оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password