Қолдау көрсеттік

    Республикамызда ел басына ауыртпалық түскен қиын күндер өтуде. Облысымызда да күшейтілген төтенше жағдай енгізілді. Осындай сындарлы шақта әсіресе, әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жалғыз басты қарттарға қамқорлық жасау – аса маңызды.

   Біздің «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қиын-қыстау күндерде қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек көрсетуді ұйғарды. Сөйтіп, бір бас ірі қара сойып, оның етін Нарынқол ауылындағы, өзге де ауылдардағы отбасыларыға таратып бердік.

    Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл өтпелі қиындық. Дүниежүзінің халқының басына түсіп отырған жағдай. Сондықтан, ел-жұртымызды сабырлы болуға, орын алып отырған жағдайға түсіністікпен қарауға шақырып, әрдайым бірге екенімізді білдіреміз. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

                                                              Нұрбол Әлиев,

                                    «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық

                                    мемлекеттік мекемесінің директоры, аудандық

                                                         мәслихаттың депутаты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password