Э Н Т Е Р О Б И О З

                 Ауру тудырушысы мен қоздырушысы – жыланқұрттар.

        Жыланқұрт – ақ түстес, кішкентай құрт. Ұрғашысының ұзындығы — 10 мм, арт жағы құрсаққа оралған. Еркегінікі — 5мм-ге дейін барады, арт жағы біз тәрізді ұшталған.

        Дененің алды жағында қабыну, «сулы бөртпе (везикула)» атанған ауыз қуысы орналасқан. Соның көмегі мен жылан құртас қазан қабырғасына жабысады. Бұл іс-әрекет жұмыр құрттар тобындағы жылан құрттарға үйреншікті. Құрттар асқазанның ішіндегісімен қоректенеді және қанды жұтып жібере алады. Жыланқұрттардың жұмыртқалары түссіз қапты әрі сопақ. Сопақшаның бір жағы жалпақ, екінші жағы дөңес.

       Жыланқұрттар соқырішекте және соқырішектің құрттәрізді өскінінде ешқандай ауру тудырмай өмір сүреді. Кей кезде ісінген соқырішектің құрттәрізді өскінінде осы гельминттарды табады, бірақ олардың ісінуге қатысқаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ. Жұққан адамның ұйқысының алдында немесе ұйқысы кезінде паразиттер сыртқа шығып, теріге жұмыртқаларын тастайды. Адам қатты қышу сезінеді, содан соң паразиттер оның қолына, тырнағына, одан кейін басқа да заттарға, адамның аузына түседі. Паразиттың жұмыртқасы кей кезде шыбын, тарақан және шаңмен тасымалданады. Жұмыртқаның дамуы үшін қолайлы жағдай – 34-36° С температура аралығы және көп мөлшердегі ылғалдылық (70-90 %).

       Клиникасы:

        Инкубациялық кезең – 3-6 апта. Энтеробиоздың жай түрінде науқаста 1-3 күн аралығында болатын қышу пайда болып, өзі кетеді, бірақ 2-3 аптадан кейін реинвазия арқылы қайта пайда болады. Ол асқынып шыдатпайтын әрі әр кезгі ауруға айналады. Кейін ауру барысын қиындататын жаралар, терінің екінші деңгейдегі бактериямен жұғысуы, тері қабынуы пайда болады. Кей адамдарда асқазан жұмысының бұзылуы – іштің ауыруына, кебуіне, жүрек айну, құсуға әкеліп соғуы мүмкін.

        Диагностикасы:

        Ауруды анықтау үшін перианальді қабаттарға арналған қырнама қолданады. Күніне немесе күнара 3 рет қолданған дұрыс. Бұрында тәңертеңгі жуынып-шайыну мен дефекация алдында мақтаны глицеринге сулап жасаған. Қазір ол үшін түссіз жабысқақ бауды пайдаланады.

Г. Қожағұлова, аудандық

 «Ұлттық сараптама орталығының»

 зертханашысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password