ШАЛҒАЙ АУЫЛ ИНТЕРНЕТТІ БОЛАДЫ

      Райымбек ауданының өз алдына қайта қалпына келіп, отын жағып, түтінін түтетіп жатқанына биыл екі жылдан асты. Екі жылдың бергені аз емес. Сан түрлі құрылыс жұмыстары қолға алынып, алды ел игілігіне айналып та үлгірген аудан орталығы Нарынқол ауылының жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Аудандағы 11 ауылдық округте 20 ауыл бар. Қырық мыңнан астам халық өмір сүруде. Өңір тұрғындарын толғандырып келе жатқан басты түйінді мәселе – интернет желісі болатын. Осы жұмыс сәтімен жалғасын тауып келеді. Қазақтелекомның республика елдімекендерін интернет желісімен қамтамасыз ету туралы арнайы жобасы аясында былтырдан бері  Кеген, Райымбек аудандарындағы елдімекендерге интернет желісі тартылып келеді.

   Райымбек ауданы бойынша биыл  ішінде Шалкөде, Қарасаз, Талас, Сарыбастау, Тұзкөл, Қостөбе, Сүмбе, Қызылшекара, Жамбыл, Қаратоған, Текес, Қақпақ ауылдары бар барлығы 12 елдімекенге талшықты оптикалық желісі тартылып, кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл игілікті іс қазір өңірдегі Қостөбе, Қызылшекара, Сүмбе ауылдарының бағытында қауырт жүргізіліп жатыр. Біз Кеген-Райымбек желілік техникалық цехының Нарынқол телекоммуникация торабының бастығы Талғат Әлімтай бастаған жігіттерді осы жерден жүздестірдік.

-Кеген ауданы бойынша Ұзынбұлақ, Жылысай секілді 9 ауылға интернет желісі тартылды. Оның сыртында жоспардан тыс Жалаңаш, Ақай, Қарабұлақ, Саты ауылдарына интернет желісі тартылуда. Бұл жұмыс мамыр айының аяғына дейін аяқталатын болады,-дейді Кеген-Райымбек желілік техникалық цехының бастығы Мақсат Әлімбеков.

   Бәрекелді! Таулы өлке тұрғындарының да заманға лайық интернет желісіне қол жеткізіп, пайдаланғаны ләзім.

                                                                    Өз тілшіміз,

                                                                    Сүмбе ауылдық округі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password