Уақыт талабына сай басылым

  Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет көрсету аясы электрондық ақпарат ресурстарымен толығуда. Осы тұрғыдан алғанда Алматы облысы, Райымбек ауданы оқырмандарының рухани азығына айналған «Хантәңірі» газеті де уақыт талабына сай қайта жаңғырған басылым болғанын атап өткім келеді.

Газет қоғамдағы өзгеріс, қиындыққа қарамастан өз оқырманын жоғалтқан жоқ. Бұл газеттегі кез келген мақала шынайлығымен, көтерген тақырыбының маңыздылығымен ерекшеленеді. Себебі, мемлекеттік мүдде мен журналистік мұратты тең ұстайтын басылымның кәсіби деңгейін, ұстанған бағыты ешқашан өзгерген емес. Елімізде болып жатқан жаңалықтар да шалғай жатқан аспантау еліне осы басылым арқылы тез жетеді. Ауылды сағынған қаладағы жерлестеріміз сағынышын осы газет арқылы басады.  Өйткені ауданның жаңалығы мен ауылдың тыныс тіршілігі осы газеттен  біліп, өздері ауылда жүргендей сезінеді. Қалаға арман қуып білім іздеп келген жастар да оқып үйренген газетін іздеп, жарияланған мақалалардан таныстарын кездестіріп қуанып қалады. Қазақстанның қай жерінде жүрсеңіз де   «Хантәңірі» газетін оқи алатын деңгейгеде жеттік. Газеттің сайты,  фейсбуктағы нұсқасы өте керемет.  Газеттің басты беті, саясат, қоғам, экономика, мәдениет, әлеумет, сұхбат, спорт парақшаларынан жаңалықтарды тез таба аламыз. Оқырмандарға өте тиімді. Әсіресе «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша берілетін тақырыптық материалдар бүгінгі жастарға ауадай қажет. Өзінің туған жерінің тарихын білу, ата бабалардың ұрпаққа  айтқан өсиетін бойына сіңіруде газеттің орны ерекше. Газетті тартымды шығаруда журналистер қауымының  еңбегі ерен.  Көкейтесті мәселені көтерген мақаланы оқырман іздеп жүріп оқиды. Бір ғана басылымның шығуына аз адам тер төкпейді. Корректор, тілші, бөлім редакторларының  қай-қайсысыда газетті мазмұнды әрі сапалы шығаруда аянбайтыны анық. Осындай үлкен ізденіспен, еңбекпен жарық көрген газеттің игілігін қарапайым оқырман көріп келеді.

  Ауданымыз қайта қалпына келтіріліп ел еңсесі бір көтеріліп қалды. Осы бойынша атқарылып жатқан жұмыстың бәрін «Хантәңірі» газетінің бетінен оқып отырмыз. Міне, біздің газет осынысымен-ақ маңызды. Салынып жатқан балабақша, мектеп, аурухана, жол, басқа да әлеуметтік маңызды нысандар туралы осы басылым арқылы оқып, ауылға келе салып сол нысандарды өз көзімізбен көріп қуанып қаламыз.

  Өзім «Хантәңірі» газетін 30 жылдан бері үзбей оқып келемін. Қазіргі қызмет істеп жүрген колледжде білім алып жүрген ауылымыздың балалары аз емес. Олар да газеттің сайтын ашып, елдің хабарын біліп тұрады.

Талай дүлділ ақын мен аты әлемге мәшһүр болған жазушылар шыққан аудан тұрғындарының тіл байлығы мол. Оны біз осы газеттің әр бетін оқығаннан байқаймын. Керек материалдарын жұмысымызда пайдаланып отырамын.

    Бүгінгі таңда тілімізді сақтап қалуда ана тілімізде шығатын  газет журналдардың маңызы өте зор. Осы тұрғыдан  айтқанда талай  ұрпақ осы газет арқылы рухани тәрбие алды және алдағы  уақытта да осы үрдіс жалғаса береді деп білеміз. Осындай сапалы басылым шығарып отырған газет ұжымына алғыс айтамын.

                    Ұлтуар Баубекқызы,

 Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар

колледжінің кітапхана меңгерушісі.

Алматы қаласы.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password