Тұрғын үйлер құрылысы қарқын алуда

 Нарынқол ауылындағы 83 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталып, қазіргі кезде аталған құрылыс 2 кезең бойынша жүріп жатыр. Бірінші кезеңде 15 тұрғын үйдің құрылысы бар. Қазіргі кезде 10 үйдің іргетасы қаланып, алғашқы үйдің кірпіші көтерілуде. Бұл жобаның жалпы құны 292,2 млн теңгені құрап отыр. Салынып жатқан он бес үйдің көлемдері де әртүрлі болмақ. Соның ішінде бесеуі 80 шаршы метр, бесеуі 90 шаршы метр, бесеуі 100 шаршы метр. Құрылысты жүргізіп отырған мердігер компания «Фуд МС» ЖШС 36 адамды жұмыспен қамтып отыр.

             Екінші кезеңде 18 тұрғын үйдің құрылысы бар. Қазір 13 үйдің жұмысы жүріп тұр. Жобаның жалпы құны 412,7 млн теңге. Құрылыстың жүргізуші мердігер компаниясы «Асан М Компани» ЖШС бүгінгі таңда 15 адамды жұмыспен қамтып, алдағы уақытта құрылыстың қарқынын үдетеміз деген ниетте. Бұл кезеңде де үйлердің көлемдері әртүрлі. 2019 жылы бөлінген ақшаның 50 млн. теңгесі игерілген. Шамамен 2020 жылы мамыр айының соңында екі кезеңнің де құрылысы аяқталып 33 тұрғын үй ауданға қызмет бабымен келген мамандарға қолданысқа берілетін болады.

Суретте: (солдан оңға қарай) Бақытжан ЕРКІНБЕКОВ, Қошқарбай ТЕЗЕКБАЕВ, Манат ШӘБДЕНОВ, Марат ШӘКІРОВТЕР жұмыс үстінде.

Дастан Қасенұлы,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password