Тұмауға қарсы екпе басталды

    Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымдылық кезеңі басталуына орай, «Тұмауға қарсы егілейік!» атты акция аудан аумағында 2020 ж. 15.09. басталды.Акция шеңберінде басқарма, медициналық ұйымдардың басшыларымен қатар ауданның беделді тұлғалары, басқа да жергілікті атқарушы биліктердің белсенді азаматтары, халық қалаулылары акцияға қатысты.

        Тұмау – бұл жұқпалы ауру, ол адамға ең алдымен жөтелу, түшкіру және тығыз байланыста болған кезінде беріледі. Тұмаудың клиникалық белгілері бірінші кезекте дене қызуы 38ºС, орташа ауырлықтағы 39-40ºС, ауыр ағымда дене қызуы – 40 ºС-тан жоғары болуы мүмкін, қалтырау, бас ауруы, көз алмасының қозғалысы кезінде, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, тамақтың ауыруы, жөтел, дауыстың қарлығуы, көзден жас ағу байқалады.Тұмау өзінің асқынуымен-ақ өте қауіпті. Міне, сондықтан да тұмаумен ауырған кезде кішкентай балалар, қарт адамдар, сонымен қатар созылмалы ауыр жүрек және өкпе ауруларымен сырқаттанатын науқастар үлкен қатерде болады. Осындай науқастарда созылмалы ауруларының қабынуы байқалады: бронх демікпесі және созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек аурулары, зат алмасудың бұзылуы және т.б. Алаңдаудың тағы бір себебі – бұл жүктілік: тұмау балаға қатты зиянын тигізуге қабілетті, әсіресе дамудың ерте кезеңінде. Ең қабылданбайтын нәрсе – бұл түсік тастау немесе уақытынан бұрын босану қатері. Бұдан басқа, тұмаумен әлсіреген ананың ағзасына антибиотиктермен емдеуге болмайтын бактериялық инфекциялар түседі. Дәл осы қатер тобындағы адамдар бірінші кезекте тұмаудың алдын алу шараларын қолдануы керек және жұқтырған жағдайда міндетті түрде дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс. Маусымдық тұмауға қарсы екпе – бұл тұмау вирустарынан туындайтын, соның ішінде ауыр нәтижемен жұқпа жағдайларының алдын алудың қауіпсіз және тиімді шарасы.Жедел респираторлық аурулар кезінде халықтың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін осындай шешім қабылданды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Тұмауға қарсы вакцинация — кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі. Вакцинаны тегін алатын континенттерге:медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер (жүктіліктің II-III триместрлері); жабық үлгідегі мекемелердегі адамдар), созылмалы аурулары бар балалар мен ересектер,6 айдан асқан жиі ауыратын және әлсіз балалар, 60 жастан асқан адамдар, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер,қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер,жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен екпе салдырушының өз жеке қаражаты есебінен де вакцинациялау жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар.Олар адам көп жиналатын орындарда болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту; жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану; ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу; даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жуу және мұрын қуысын тұзды сумен шаю; өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету; құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;

         – сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану; дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану қажет.

Ф. Ережепова,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының басшысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password