ТУҒАН ЖЕРГЕ ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

    Жерлесіміз, Сарыжаздық палуан Нұрсейіт Нұрсұлтан қараша айының 24-27 күндері арасында Өзбекстанның Джизак қаласында өткен «Белбеу күресінен» 2001-2002-2003 жылы туылған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әлем чемпионы атанып Қазақстан Республикасының көк туын биікте желбіретті. Туған жеріне келген жас батырды аудан жұртшылығы үлкен құрметпен қарсы алды. Еліміздің көк байрағын әлем көгінде желбіретіп, әнұранымызды шартарапқа тыңдатқан палуанымызды аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың бірқатар аптал азаматтары мен аудан халқы күтіп алды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы Нұрсұлтан палуанды және спорттағы алғашқы бапкерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

  Сонымен қатар, Нұсейіт Нұрсұлтан палуанымыз спорттық сауықтыру кешенінде бүлдіршін спортшылармен кездесті. Әрбір жасөспірім спортшының бойында осындай чемпион болсам деген арман оты тұтанғандай болды. Нұрсұлтан палуанға алдағы уақыттарда да тек қана жеңіс тілейміз.

       Айбынды азаматтарын ардақтаған еліміздің жеңісті күндері көп болғай!

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password