ТЖ кезінде салықтық рақымшылық жарияланды

    Елімізде кеселдің кең таралуына байланысты мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізгені белгілі. Осы ретте Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті президент жарлығының аясында бір қатар жеңілдіктер енгізген.
Шағын және орта бизнес өкілдері 20 — 31 наурыз аралығында салықтан босатылды. Сонымен қатар, Үкіметтің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысына сәйкес 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «0» коэффициенті белгіленген. Және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшінде жеңілдік қарастырылған.
Ал, 27 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату мен әкелу үшін төленетін құн салығын 8% мөлшерлемесімен өтейді. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген және 19 атаудан тұрады: Бірінші сортты бидай ұны, Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), Рожки (өлшеніп салынатын), Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын, Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), Картоп, Асханалық сәбіз, Басты пияз т.б.
Ел аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 27 наурыздан- 31 желтоқсанына дейін акциз төлеуден босатылды.
Жағымды жаңалықтар легі мұнымен толастамайды. Микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша 2020 жылдың 1 маусымына дейін кейінге қалдыру ұсынылды.
«Төтенше жағдай кезінде, азаматтар 42500 теңге мөлшерінде кедергісіз әлеуметтік көмек алуы үшін, Мемлекеттік кірістер органдары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың бұрын қабылданған тәсілдері мен шараларының күшін жою жөнінде шаралар қабылдады», — дейді Алматы облысы бойынша МКД басшысының міндетін атқарушы Айдын Тұрғанбекұлы.
Мемлекеттік кіріс органдары Төтенше жағдай кезеңінде жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімі тоқтатылды, алайда тексеру Төтенше жағдайдан кейін қайта басталады.
Әкімшілік жауапкершілік мәселелері төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қаралатын болады.
Мемлекет басшысының 2020 жылдың 31 наурызындағы жылғы тапсырмасын орындау үшін қосымша қолдау шаралары туралы мәселелер қарастырылуда:
Сонымен, 1 сәуірден 1 қазанға дейін қызметкерлердің табысын еңбекақы қорынан есептелетін салықтар мен төлемдерден босату жоспарлануда. Бұл қоғамдық тамақтану саласына, сауданың жекелеген секторларына, көлік қызметтеріне, консультациялық қызметтерге, IT-секторларға, қонақ үй бизнесіне қатысты.
1 сәуірден 1 қазанға дейін әуежайлар мен ұшу-қону жолақтары бойынша мүлік салығы үшін «0» коэффициентін белгілеу ұсынылады.
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке тұлғаларға «Біз біргеміз» қорынан еңбек шарттарын өтейтін төлемдерді ЖТС, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату жоспарлануда.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия түпкілікті тізбені бекітеді және қажеттілігіне қарай маңызыдылығын арттыратын болады.
Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password