«ТЕРІСҚАҚПАЙ» ҚОЙҒАН «ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ»

   Жуырда ауданымызға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тамашаның тарланы, сатираның сайып қыраны, өзіміздің өлкенің төл перзенті, Асқар Наймантаев ағамыз өзінің «Терісқақпай» театрымен «Қызық кәнсерт» атты тақырыпта тегін концерт қойып келген болатын. Көңілді кеш өте жоғары деңгейде өтті. Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің көрермендерге арналған залында ине шаншыр орын қалмай, халық күлкіге қарық болды. Жерлесіміздің ауданымызға ат басын бұрғандағы басты себептерінің бірі — «ХАЛЫҚ ТЕАТРЫН» қайта қалпына келтірсек, театрды қайта ашып халыққа жаңа концерттер ұсынсақ деген ой екен. А. Наймантаев ағамыздың өзі айтпақшы театр ашылса ауылда тентіреп жүрген таланттарға жұмыс орны болары айдан анық. Жаңа құрылған ауданда жаңа театр ашылып жатса, арман қуып алысқа кеткен өнерлі жастарымыз қайта келіп, туған жерге туын тігер еді. Орынды айтылған ұсынысты өнерді бағалай білетін аудан халқы да, аудан әкімі де қос қолдап қолдап отыр. Кештің соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Д. Молдағожаева өнерпаз жерлесіне алғысын айтып, алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетуіне тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов Асқар ағамыздың иығына шапан жауып, «Терісқақпай» театрына үлкен алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

Д.ҚАСЕНҰЛЫ

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password