Текелі қаласында Тутұғыр орнатылды

   Мемлекеттік Тудың қоғамдық орындарда орнатылуын қамтамасыз ету, жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында бүгін Текелі қаласында барша тұрғындардың сүйікті орнына айналған «Көктөбе — Жүректөбеде» 12 метрлік  Тутұғыр бой көтерді. Сондай-ақ Тәуелсіздік алаңда орнатылатын ұзындығы 25 м Мемлекеттік Тудың құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл жобалар  «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуды. Жалпы Текелі қаласында ЖҚК 2020 бағдарламасы бойынша 13 жоба қарастырылған. Бүгінгі таңда 2 жоба аяқталды.  Соның бірі  «Көктөбе» бақылау алаңында Тутұғыр орнату  және  бақылау алаңы айналасын абаттандыру. Аталмыш жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Нұрғазы құрылыс»,  «Девятка» ЖШС жүргізді.

         Қаламызда осы мерекелік шараға орай шағын салтанатты жиын өтіп, Мемлекеттік Ту көтеру мәртебесі спорт саласының үздіктері, жасөспірімдер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Азия чемпионы — Әйгерім Ауылбек,  Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен әйелдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы — Ольга Пастухова, Пауэрлифтингтен спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Әлем Кубогының және Азия балаларының 2016 ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы — Буймов Захарға бұйырды.

          «Құзар шыңдары аспанмен астасқан тау бөктеріндегі әсем қаламызда желбірейтін Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары даусыз.

Текелілік әр азаматтың бойында көк байрағымызға қарап отаншыл рух, ұлттық намыс, елжандылықтың ұшқыны оянып, жігері тасиды деп сенеміз»,-деді Текелі қаласының әкімік Бақтияр Өнербаев.

Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы қасиетті борышымыз екендігін әрдайым естен шығармайық!

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password