Тегін көмір таратты

       Әлемдегі барша адам баласы бір Адам атадан тарағаны анық. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылмандар мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан, олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі.

        «ЖАРТАС РАЙЫМБЕК» қоғамдық қорының директоры, жуырда ғана «Халық алғысы» төсбелгісімен марапатталған Роза Қайғатырова аудандағы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға жыл сайын тегін көмір таратуды әдетке айналдырған. Қайырымды жанның қайырлы істі атқарып жүргеніне биыл бес жыл болды. Аталған игі іс биыл да жарасымды жалғасын тапты. Өз ауданымыздағы «Ойқарағай» көмір кен орнының 100 тонна сапалы көмірін аудандағы көп балалы, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасының әрбіріне 2 тоннадан үлестіріп берілді. Сонымен қатар, қыстық киім-кешектер, азық-түліктер жеткізілді. Көмекке мұқтаж жандардың әрқашан жанынан табыла білетін, мейірімді, жомарт жанға әр отбасы алғысын жаудырды. Олар көмірдің қызуынан бұрын мейірімділіктің жылуын сезінгеніне қуанышты екендерін жасырмады.

       Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед с.а.у. пайғамбардың өзі: «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Қиын-қыстау кезеңдерде қайырлы адамдардың қатарынан бола білейік.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password