СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

    Санаулы күндерден кейін жаңа 2022 жылға аяқ басқалы тұрмыз. Жыл қорытындыланып 2021 жылдың соңғы күндері де өтіп жатыр. Жуырда Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде жылдың үздік спортшысы деп табылған бірқатар спортшылар марапатталды. Аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген спорттың әр түріндегі азаматтар мен азаматшаларға Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етті.

     Шара барысында ұлттық спортта, ат спортында жетістікке жеткен шабандоз палуандарымызбен әлемдік аренада белдесіп жүрген спортшыларымыздың жаттықтырушыларына арнайы марапатпен құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ауданымызда ұлттық спорттың, бұқаралық спорттың дамуына демеушілік жасап жүрген азаматтар мен спорт жанашырлары да назардан тыс қалмады. Спорт саласында ауданымыздың намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың көңілдері көтеріліп жігерлері жанылды. Айтулы мереке аудан көркемөнерпаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Дастан ЖАНАСЫЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password