Сауық құрамын деп сақтықты ұмытпаңыздар!

        Жаңа жыл мерекесі көңілге қуаныш сыйлағанымен қарашаның тағдырын бір сәтте өзгеріп жіберері тағы бар. Жарқылдаған отшашулар, қызыққа толы кештің аяғы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Мұндайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздікті басты назарға алу керек деп дабыл қағады.

Пиротехникалық заттарды пайдалану барысында халық жарақат алып, тіпті айналаны қызыл жалын шарпып кету қауіпі жоғары.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Отшашуларды заңсыз сату бұл әуелі адам денсаулығына төтенше қауіпті. Бұл ретте мемлекет заң аясында қатаң шараларды қолдануға мәжбүр.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау, тасымалдау, сату, әкелу, әкету тәртібін бұзу-жеке тұлғаларға пиротехникалық заттар мен, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жоғары да атлған заң жүзіндегі қабылданған шаралар сатушыларға арналған. Бұл елге тиер зардаптың бетін қайтарудың бір тәсілі ғана. «Сақтансаң, сақтаймын!» демекші, әр адам өзінің жеке бас қауіпсіздігін алдыңғы орынға қоюы шарт. Бұл ретте мамандардың өзінідік ескертпелері бар.

«Отшашуды іске қосу үшін алаң тегіс болуы тиіс, оның үстінде ағаштар, электр беру желілері және басқа да кедергілер болмауы қажет. Сонымен қатар, ол тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта болуы керек»,-деді Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қанат Алтынбеков.

Жаңа жылда пиротехникалық бұйымдардан келетін залалмен қатар, күннің күрт сууынан үсік шалу жағдайы да орын алатыны ақиқат.

Мамандардың айтуынша, үсікке шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы -10С — -20С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да дененің үсіп қалу ықтималдығы жоғары болады.

Және де аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу, алкогольдік мас болу үсуге шалдығуға әкеп соқтырады.

Адам денесін үсік шалғаннан кейін профилактикалық шараларды орындай керек. Ол үшін ағзаны суық сумен шынықтыру қажет. Бұл қан айналымды жақсартып, суыққа төзімділікті арттырады. Сонымен қатар, киім кең әрі жылы болуы шарт.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password