«Сапалы білім беру үшін ұстаздарымыз білімді болу керек»

       Жалпы ұстаз бен шәкірттің ғұмырын егіз етіп жаратқан. Олай дейтін себебіміз ұстаз үшін шәкіртінің биіктен көрінгені шын бақыт. Шәкірттің жеткен жетістігі ұстазының еңбегімен сабақтасып жатады. Бүт өмірін бала тәрбиесіне арнайтын ұстаздардың орны басқа мамандық иелерінен қашанда жоғары тұрмақ. Ұстаздық қызметтің қиындығын да, қызығын да бастан өткерген білікті басшы Нарынқол ауылындағы Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің директоры ТӨЛЕГЕНОВА Гүлмира Әселбайқызымен жүргізген сұхбатты оқырмандардың назарына ұсынамыз.

       — Құрметті Гүлмира Әселбайқызы, биыл аудан көлемінде білім сапасы жөнінен ең жоғарғы нәтижені көрсеттіңіздер. Жалпы балаларды оқуға ынталандыру үшін қандай жұмыстар жасадыңыздар?

       — Иә оқу жылының қорытындысымен сапа 70 % болса, үлгерім 100% болды. Біздегі ең басты мақсат оқушыларымыздың білім сапасын арттыру, сапалы білім болу үшін оқушыларымыздың тәрбиесі де басты назарда. Әр оқу жылында «Ұлағатты ұрпақ» қорының демеушілігімен арнайы стипендия тағайындалып, әр тоқсан қорытындысымен анықталған озат оқушыларды марапаттап отыру дәстүрге айналды. Ол басқа оқушыларға да үлгі болды.

        Оқушыларымызға сапалы білім беру үшін ұстаздарымыз да білімді болу керек деп есептеймін. Әр оқу жылында мектебіміз жас мамандармен толығып келеді. Осы оқу жылында тарих пәні, орыс тілі мен әдебиеті пәні және ағылшын тілі пәні бойынша жас мамандармен толықты.

       Тәжірибелі ұстаздарымызды да атап өтуге болады. Сейткеменова Бақшагүл, Чотбаева Жанар, Өсімбаева Қарлығаш, Сүлейменова Пернеш, Құлбаева Роза, Керімбаева Сағаныш, Ибитанова Мейрамгуль, Ауелбекова Гульфайруз, Деменбаева Құралай, Қаупенбаева Сандуғаш, Сыдықбаева Бағлан, Харияхмет Мүлгісін, Қорабаева Гүлбану, Сәйдін Мақпал, Бурабаева Айгерім, Бурабаева Гаухар, Көлбаева Назгүл, Оразбайұлы Жарыс, Игенбердиев Ғани, Біржанова Майра, Сәрсембай Айбар.

       — Қашықтықтан оқыту кезінде осы үддеден шыға аласыздар ма?

       — Қашықтықтан оқыту барысында 1-4 сыныптар кезекші сыныптарда оқып жатыр. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймыз. Өйткені қашықтықтан оқыту қазіргі пандемияға байланысты болып тұр. Сондықтан бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізудеміз. Мектеп бойынша жетім, аз қамтылған, жартылай жетім, көпбалалы барлығы 18 оқушыға мектептен компьютер таратылып берілді. ҰБТ қорытындысымен: барлығы 13 оқушы тапсырды. Ортақ балымыз 89,2 балл болды. Тасболат Асыл -124 балл алса, Жұмағожаева Ақерке 103 балл алды. 13 оқушының 11 жоғары оқу орнына грантқа түсіп мерейімізді асырды. Қазіргі уақытта мектеп бойынша даярлық, 1 -4 сыныптарда барлығы 226 оқушы штаттық режимде оқыса, 5-11 сыныптар бойынша барлығы 285 оқушы қашықтықтан оқуда. Жалпы мектеп бойынша барлығы 510 оқушы бар.

       — Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетовтың білім жүйесіне жасаған реформалары қаншалықты пайдалы болып жатыр? Ұстаздардың м ә р т е б е с і ә л е у м е т т і к жағдайы туралы айтып берсеңіз?     

       — Білім жүйесіне қазіргі ж а с а л ы н ы п жатқан реформа дұрыс деп есептеймін. Ең бастысы мұғалім мәретебесі туралы Заң қабылданды. Онда барлық заңдылықтар қамтылған. Ұстаздардың мәртебесін көтеру, ынталандыру, марапаттау қамтылған. Президент Қ.Тоқаев 2021 жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25% көтеру туралы тапсырма берді. Бұл ұстаздарымыздың қиын да қызықты жұмысын одан да жоғары деңгейге көтеруге берілген мүмкіндік деп ойлаймын. Сонымен қатар, ұстаздарымызды алда келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтары мықты, жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасы амандығын тілеймін.

— Ой бөліскеніңіз үшін сізге көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сұхбаттасқан: Айбек ЕРЕЖЕП.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password