Ризашылық

Менің 201 жылы туған ұлым – Әметхан Аслан, 2018 жылдың наурыз айының 11 күні жазатайым аттан жығылып, ес-түссіз күйде қалған болатын. Сол мезетте Сүмбе ауылдық округінің  емханасына алып барып, балалар дәрігері Манапова Асия алғашқы көмегін көрсетіп, жедел жәрдем көлігімен аудандық аурухананың жан сақтау бөлі

мінде 16 күн ес-түссіз жатқан баланың өмірін сақтап қалуда ерен еңбектерін сіңірген жандарға алғыс білдіруді жөн көрдім. Төзімді жаны нәзік ақ халатты абзал жандардың біліктіліктерінің арқасында атап айтсам, аудандық

 аурухананың  бас дәрігері, невропотолог Алмас Бекенұлына, хирург Таласбаев Иманәліге, терапевт Әсел Тұрлыбайға, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Дүйсеннұр Шынжырбаевқа, Жангелді Қыдырбаевқа, Руслан Сайлаубекұлына, Тимур Мақсатұлына және аға мейірбикелерге, бассқа да қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарына табыс, жанұяларына бақыт тілейміз.

Қазіргі таңда ұлым Аслан өз сыныптастарының қатарына қосылып, сабағын оқып жүр. Жағдайы жақсы. Өткенді ұмыттырып, бүгінгі таңда жанұямызға шуақ сыйлаған дәрігерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жүрегі нәзік, шипасы ем болған ақ халатты жандарға алғыс!

Сүмбе ауылының тұрғыны

Бақытжан БАЙБАТШАЕВ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password