Планшеттер табыс етті

       Жер әлемді жайлаған вирусқа байланысты қазіргі уақытта білім ошақтары қашықтықтан білім беріп, оқушылар үйден сабақ оқып отыр. Онлайн сабақ кезінде барлық оқушыларға бірінші кезекте интернет және компьютер, планшеттер қажет болады. Сонымен қатар қазақ отбасылары көп балалы болатыны белгілі. Бір үйде бір уақытта үш-төрт баланың сабағы қатар келетін кездер де болады. Бұндай кезде балаларға компьютер, планшеттердің жетіспеушілігі байқалады. Осындай сын сағатта болашақ  ұрпақтың білімді болуын, ел-жұрттың аман болуын ойлап көмек қолын созып жатқан жомарт жанды азаматтар аз емес. Осындай игі шаралардың қатарында жуырда Б. Соқпақбаев атындағы орта мектепте болған бас қосуды айтуға болады. Білім қызметкерлері Райымбек аудандық кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының төрағасы Әбек Ұлықпан ағамыздың ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімімен бірлесіп білім мекемелеріндегі кәсіподақ мүшелерінің балаларына 13 планшет тапсырылды. Бұл планшеттердің басқадан ерекшелігі әмбебаптығында. Заман талабына сай жасалған планшеттер үйде оқушыға сабақ оқығанға ыңғайлы. Қуаттылығы және сыйымдылығы өте жоғары деңгейде, экрандары да көлемді компьютерден еш кем емес.

       Жиын барасында аудандық білім бөлімінің башысы Саят Ерсайынұлы сөз тізгінін алып оқушыларға қиын кезде қол ұшын созған білім қызметкерлері Райымбек аудандық кәсіподағы «Қамқор-2» филиалына алғысын білдірді. Осы планшеттер балалардың білімді болуына септігін тигізетіндігіне сенімді екенін жеткізді. Сөз барысында облыстан біздің ауданға уақытша пайдаланғанға 475 ноутбук бөлінгенін тілге тиек етті. «Үлкеннің мыңына бергенше баланың біріне бер» деген сөз бекер айтылмаған. Қуаныштары қойнына сыймай, көздері күлімдеген оқушылар планшеттерді алған кезде ұйымдастырушыларға бала жүректерімен рахметтерін айтып жатты. Оқушылар жігерленіп, білімге ынталары артып, мәз-мәйрам болып тарқасты.

Д. ЖАНАСЫЛ,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password