Оқырман ойынан шыққан басылым

   «Айналайын,Атамекен, ақ мекен!» деп аталатын ұранмен шығатын «Хантәңірі» газеті, оның алғашқы басылымдары ұзақ жылдар екі аудан, іргелес жатқан елді мекендер бірігіп, қайта бөлініп жатқанда, еліміздің басынан өткен қиындықтарды, жақсы істер де, халқымен бірге болып, тілегін, үнін жеткізген атына заты сай «Советтік шекара», қазіргі «Хантәңірі» газеттері мен үшін қымбат басылым. «Советік шекара» газетін бала кезден оқып, алғашқы қол жазбаларымызды жазып, оқудың, жазудың кейбір әдіс-тәсілдерін хабардар етіп,бағыттаған еді. Тарихи құнды басылым Нарынқол, Кеген өңірінен талай ақын-жазушылар, тілшілерді баулыған, тәрбиелеген, қанаттандырған үлкен мектеп болған еді.

     «Советтік шекара» газеті редакциясының тізгінін ұстаған, жұмысын жүйелеген, жандандырған әкелеріміз, бауырларымыз Әлнұр Мейірбеков – ақылдың кенін, дауылпаз ақын Мұқағали Мақатаев, Нарынқол өңірінің мақтанышы Еркін Ібітанов, балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев, Мұқатай Жылқайдаров, Айтақын Әбдіқал, Тельман Жанұзақов, Тілеужан Сақалов, Әбітай Әденов, Мінуар Әкімханов, Батық Мәжитұлы, Рысбек Сүгірбеков, Баққожа Мұқаилар аудан жұртшылығын поэзия, әңгіме, мақалаларымен тәнті етіп, облыс көлемінде жақсылық жаршысы болғаны есімде, 1936 жылдан шыға бастаған аудандық қоғамдық-саяси газеттің әр номерінде, құнды материалдар, мәліметтер, деректер, анықтамалар, «Заң», «Ұмытылмас есімдер», «Аталы сөздер», «Бәрекелді», «Туған жер ғажайыптары», «Ақ самал» атты арнаулы беттер мен, айдар арқылы берілетін «Хантәңірі» газетінің әр бөлімі мағыналы жарық көруде. Қазіргі таңда шығып жатқан газеттің эстетикалық талғамы, жұртшылықтың атамекеніне сүйіспеншілігін оятуда. Аудан біріккенде ұзақ жылдар «Хантәңірі» газетінің бас редакторы болған Жолшы Бікебаев бауырымыз, журналистер Қанат Біржансалов, Нұрданбек Тоққожаев, Жұмабек Тұрдиев сияқты буынның ізін жалғастырушы кейінгі толқын тілші, журналистер Серікжан Мурасилов, Айбек Ережеп, Лаура Қарасартова, Айнаш Әлдибек, Ғани Бейқұтбай, Дастан Қасенұлы, Елдос Ахметжан сияқты жаңашылдықпен еңбек етіп келеді. Болашақта басылымнан көп үміт күтеміз.

    Жас ұрпаққа қажетті газеттің бір бөліміне облыс, аудан тарихынан 1936 жылдан бастап мәліметтер, шежіре сияқты ондаған еңбек еткен азаматтар жайлы, Нарынқол өңірінің табиғаты, дәрілік шөбі, құсы, аңы деген сияқты материалдар болса. Қорыта айтқанда, баспасөз мерекесі қарсаңында «Хантәңірі» газетінің ұжымына шығармашылық табыс, денсаулық тілеймін.

 Союзхан Жылқыбайқызы,

Қайнар ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password