ОРМАН КҮТУШІЛЕРІ

           Кардондар

    Бүгінгі күнге 32 орман күтуші үйімен және моншамен қамтылған. Орман күтушілерінің кардонмен қамтамасыз етілуі 60,4 пайызды құрайды. Салынған үйлердің сапасы жақсы, әрі орман айналымының ішінде орналасқан. 49-орман күтушілері, 1-орман шебері мініс атпен, ер-тұрман, дүрбімен қыстық-жаздық киіммен қамтамасыз етілген. Кордондардың жарықтануы 13-электр жарығымен, 17 күн нұрымен, 2- электро движокпен жарықтандырылған. Осы кардондарды күтіп ұстауда Ойқарағай орманшылығының орман күтушілері: С.Ильяс, Д.Құрманов, С.Шкамбаев, Байынқол орманшылығының орман күтушілері: А.Чотбаев, М.Мергенбай, Н.Тлеубердиев, Текес орманшылығының орман күтушілері: Б.Күмісбеков, Б.Шажабаев, Ұ.Нүсіпбеков, Қ.Қойшыбаев, Е.Аманжолов, Сарыжаз орманшылығының орман күтушілері: Е.Утегенов, А,Берікбаев, Шалкөде орманшылығының орман күтушілері:Ж. Жанпейіс, О.Макеевтердің есімдерін атап өтуге болады.

        Техникалық базасы

      Соңғы жылдары орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің материалдық техникалық базасы біршама жақсарды. Бүгінгі таңда орманшыларға 9 автокөлік қызмет бабына пайдалануға бекітіліп берілген. 2-өрт сөндіру автокөлігі, 3 МТЗ-82 тракторы қосалқы тіркемелерімен, 1 ДТ-75 тракторлары, 1 Зил 131 автокөлігі бар. Осы қолда бар техникаларға дер кезінде күтім жұмыстарын жүргізіп пайдаланудамыз.

        Мекемеде 28 тұрақты, 86 жылжымалы және 9 автокөліктік радиостанция жұмыс істейді.

        Мектеп орманшылығы

    «Нарынқол орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі Нарынқол аймағынан мектептің базасында 10 мектеп орманшылығы құрылды. Оларда 113 оқушы мүше болып қабылданған.

        2021 жылға барлық мектеп орманшылықтарының жылдық жоспарлары жасалды.

     Әрбір мектеп орманшылығы бойынша жұмыс жоспары, маусымдық табиғатты бақылау программалары жылдың әр маусымына сай жүргізіледі. Жас орманшылар орманды өрттен сақтау, өз бетімен ағаш кесушілерге тосқауыл қоюда орман күзетшілеріне үлкен көмек көрсетеді. Орман тұқым бағындағы екпелермен танысып, күтіп-баптау жұмыстарының қалай жүретіндіктерін үйренеді.

        Б.Соқпақбаев, Т.Жанұзақов, О.Жандосов атындағы орта мектептердің оқушылары жиі келіп, мекемеде құрылған «Табиғат музейін» тамашалап, өзіміздің аймақта өсетін өсімдіктер, жануарлар туралы мағлұмат алып, семинарлар өткізіп тұрады.

        Зейнеткерлерге көмек көрсетіліп отырады, аз қамтылған 2-жанұя тегін отынмен қамтамасыз етілді.

        Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауыз керек.

        Табиғатты аялау-бүкіл адамның міндеті.
Табиғат байлығын қорғау әр азаматтың борышы. Табиғат жанашыр орманшылардан біліктілікпен, іскерлікті талап етеді. Барлығымыз орман заңдылықтарын сақтап, өрт апаттарын болдырмау үшін бірлесіп жұмыс атқарайық.

Д.Д. ӨТЕГЕНОВ,

мекеме директорының орынбасары.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password