ОРМАНДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТҰҚЫМ БАҒЫ

        Мемлекеттік орман қоры есебі бойынша 2021 жылғы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің есебінде 6966 га жерге отырғызылған ағаш орманды алқап есебіне алынып, 240 га жердегі отырғызылған ағаш күтіп бапталуда. Мекеме мамандарымен ұйымдастыру шаруашылық шаралары жасалып, ықшамды жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мекеменің уақытша тұқым бағында 0,20 га жерде 1189 мың дана екпе көшеттері өсіп тұр.Оның ішінде 0,14 га жерде 182 мың дана шренк шыршасы, 0,02 га жерде 2,3 мың дана қайыңның, 0,001 га жерде қызыл қайыңның, 0,0006 га жерде 9,36 мың дана қарағаштың екпе көшеттері стандартқа сай. Осы тұқым бақта көшеттердің өсуіне ықпал жасауда орманшы А.Тойчиев маусымдық жұмыскерлер Рақымбаев Бағдат, Жалбиева Гүлзира, Шалақазақов Бекежан, Исембаев Нұрғалымның еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

        Бұның сыртында Қайың, шетен, қарағай (сосна), бал қарағай, қырым қарағайы, «көгілдір шырша», т.б, ағаш тұқымдастарының өскіндері бар десек болашақта да осы тұқымбақта өскен өскіндердің түрлерін көбейту жоспарда.

        Мекемеден жыл басынан бері 291 дана екпе көшеттетрі босатылып, қазіргі таңда 1 млн 545 мың теңге ақша мекеме есеп шотына келіп түсті. Осының ішінде 60 дана екпе көшеттері орманшылықтарды көгалдандыруға жұмсалды.

        Қазіргі таңда жылыжайда 50 дана қытай терегін қалемшелеу тәсілімен отырғыздық.

        2021 жылға орманды молықтыру мақсатында 21 га жерге Шренк шыршасының көшеттері, 15 га жерге қосымша отырғызу, 1 га жерге плантация отырғызылды.

        2021-2025 жылдарға арналған жоспар бойынша мекеменің орман қорын молайту 21 га-дан 50 га-ға дейін ұлғаймақ.

       Мекеме бойынша 2021 жылы ағаш-бұта тұқымдастарынан тұқымын жинау жоспар бойынша 80 кг болса осы тұқымдар жиналып кептірілуде.

А.С.АКЫМБАЕВА,

орманды өсіру және молықтыру инженері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password