«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра…»

 

    Қасиетті қара домбырамен күреңселі даланы  күйге шалқытқан, әнмен әспеттеген қазақ үшін бұл күннің орны  бөлек ағайын. «Ұлттық домбыра күнін»   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  арнайы мереке ретінде біратала белгілеуі – мәдениет оның ішінде  күй өнеріне деген асқан құрметтің белгісі ретінде биіктей бермекші.

  Қара домбыраның құлағынан шанағына дейін қазақтың мұңы да, сыры да, қуанышы да шертіліп, шырқалып дария дархан даланың кеудесінде, тарихтың қамба қойнауында қатталып қала берді.  Мұндайда, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қазақтың Қадыр ақыны Мырзәлінің мөрлі өлеңі мөлдірей еске түседі.

   Ауданның мәдениет үйінде аталып өткен мерекелік шараға  аудан әкімі Жолан Омаров қатысып, мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аудандық мәслихаттың хатшысы Ерлан Құдабев, облыстық «Жетісу» газетінің  меншікті тілшісі Қанат Біржансал, Сүмбе мәдениет үйінің директоры Серік Абдраймов ақжарма тілектерін арнады.

  Мереке қарсаңында бір қауым мәдениет саласында жүрген жандарға сахна төрінде  Алғыс хаттары табысталып, еңбектері еленді. Олардың қатарында, Текес ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бексейт Нүсіпбек, Сүмбе мәдениет үйінің директоры Серік  Айтбайұлы, Текес өнер мектебінің домбыра класының мұғалімдері Данияр Тілеуұлы мен Бегалы Бақытұлы бар.

 Мерекелі шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған көңілді концертпен, домбырашылардың дауылды күйімен жалғас тапты.

Серікжан Мурасилов,

«Хантәңірі».

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password