Мұқағали мұрасы-өшпес мұра

       Бүгінгі таңда Мұқағали мұрасы біздер үшін таусылмас бір ғұмыр. Дәлірек айтқанда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ақын өлеңдерінен шабыт алары анық. Ақынның өлеңдері «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиеді. Мектебімізде оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту, ақындыққа баулу және Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу мақсатында Мұқағали жырлырын насихаттау, дәріптеу жұмыстары көптеп атқарылуда және жыл сайын дәстүрге айналған. Ақын өлеңдерін жаттау — адам бойындағы түрлі кемшіліктерден арылтып,білім жолына түсуге ықпал етеді. Адамдық қасиетті сезінуге, білім мен ғылымның пайдасын көруге,терең ойларды түсінуге, есте сақтау қабілетінің дамытатынына көзіміз жетіп жүр. «Мұқағалидай ақыны бар халық -бақытты халық» деген Фариза апамыздың қанатты сөздерін басшылыққа ала отырып, Мұқағали әлемімен оқушыларды тереңірек таныстыруға үнемі ден қоямын. Нәтижесін айтсам, шәкірттерім талантты, көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстайды, ойын ашық айта алады және мектебіміздің атын биіктетіп жүр. Оған дәлел ақынның поэзиясын насихаттау барысында шәкірттеріміз ақын атындағы түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Атап айтсақ, Даулетбек Думан, Молдағали Мұса, Әшірбек Айгерім, Батырхан Мирас атты оқушыларымыз Мұқағали шығармаларын қызығушылықпен жарыса жаттап, бірнеше байқаудың жеңімпазы атанды. Даулетбек Думан жеті поэмасын және жүз он өлеңін жаттап, бүгінгі күні облысымыздың намысын қорғап жүр.Ақын өлеңдері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, мәңгі жанымызда да, жадымызда да жүре береді. Ендеше, Мұқағалиды оқи отырып, сол арқылы өзімізді де таниық. Мұқағалиды оқуды, жатқа білуді мектепте де, отбасымызда дәстүрге айландырайық!

Күлшат Ақылбаева,

С. Сауранбаев атындағы

орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password