Молшылық негізі бүгіннен қалануда

    Райымбек ауданында да көктемгі егіс жұмыстары қауырт жүргізіліп жатыр. Биыл таулы өңір бойынша 10 мыңға тарта гектар алқапқа дәнді дақыл себіліп, 6 мың гектар жерге картоп отырғызылады. Қазіргі таңда жерді айдау, тырмалау, оның артынан уақыт оздырмай тұқым себу жұмыстары ұштастырыла жүргізіліп жатыр.

   Көктем егісінде аудандық мәслихаттың депутаты Самат Мүсірбаев басқаратын «Сарыжаз» кәсіптік-техникалық колледжінің орны бөлек. Таулы өңірдегі шаруа қожалықтарына жүргізуші, механизатор, дәнекерлеуші тағы да басқа ауылшаруашылығына қажетті мамандарды дайындайтын колледждің өз қарамағында егістік суармалы жерлер бар. Әйгілі «К-700» маркалы тракторы бастаған «МТЗ-80» маркалы бірнеше тракторлары көктем егісіне қатысады. Биыл да сол үрдіс жалғасуда. Колледждің ұжымы биыл 100 гектар жерге берері көп арпа тұқымын себеді. Оның сыртында 20 гектар алқапқа картоптың «Санте», «Агрия» атты супер элиталық тұқымы отырғызылмақ. Қазір осы мақсатқа арналған алқаптар жыртылып, тырмақталып дайындалуда. Колледждің жер жыртуға, тырмақтауға, өңлеуге, дәнді дақыл       себуге, картоп отырғызуға және күтімілдеуге арналған барлық агрегаттары бар. Аталған трактор, техникалармен студенттер практикалық дәрістерін өткізеді. Көктемгі, күзгі егіс жұмыстарына қатысып, білімдерін толықтырады, тәжірибелерін кеңітеді.

-«МТЗ» маркалы тракторларымыздың, егіске қажетті техникаларымыздың бәрі жаңа. Іске жарамды. Студенттерімізге де берері көп. Біздің ұжым дәл осындай қауырт науқан кездерінде өңірдегі шаруа қожалықтарына да қолдау, көмектерін тигізеді,-дейді Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Самат Мүсірбаев.

   «Көктемнің әр күні — жылға азық»,- деген қанатты сөз бұрыннан бар. Сындарлы шақта бірлесе, ынтымақтаса атқарған істің де берері, түп нәтижесі жаман болмайды. Ендеше, іске сәт, дейміз!

                                                            Қ. Сатыбалды ,

                                                                Сарыжаз ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password