МЕРЕКЕ ЗОР МЕРЕЙМЕН АТАЛЫП ӨТТІ

Жуырда Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  меркелік шара болып өтті. Осыған орай «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы бойынша партия активінің отырысы өткізілді. Актив жиынына аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, облыстық мәслихат депутаты, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, аудандық мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы аудан тұрғындарын аталған мерекемен шын жүректен құттықтап, жиынды жүргізіп отырды. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың рөлін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау; барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру мен биліктің барлық деңгейіндегі партия алдындағы жауапкершілігін арттыру; халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу; партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды қамтитынын» айтты. Ендігі сөздің тізгінін «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, саяси кеңес және Бюро мүшесі Арипова Гүлнара Рауанқызы ұстады. «Nur Otan» партиясының қайта жаңғыру шеңберінде берілген тапсырмаларының «Сенім. Диолог. Болашаққа нық қадам «Nur Otan» партиясы 7 серпіні» бағыты бойынша баяндама жасады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password