Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

      Ағымдағы аптаның сейсенбісінде, яғни 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілердің төл мерекелеріне орай аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов өз жұмыс бөлмесінде әр салада қызмет істеп жүрген мемлекеттік қызметшілердің бір тобына мерекелік қабылдау жасады.

     Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы лебізін былайша жеткізді:

     -Мемлекеттік қызметке әрқайсымыз халыққа лайықты қызмет көрсету үшін келеміз. Ауданымыздың өсіп-өркендеуі өздеріңіз сияқты мемлекеттік қызметшілердің ерік-жігері мен қажыр-қайратына тікелей байланысты.Қоғамда моральдық құндылықтарды қалыптастырып,халыққа адалдық пен парасаттылық үлгісін көрсету басты парызымыз болуы тиіс,-деп сөзін түйіндей келе міндетті жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып жүрген Жұмаш Әлімғожаев, Азат Исадін, Ләззат Есенқұлова, Гүлнұр Оңғарбаева, Мәдина Нұрмұханбетқызы, Гүлмира Жамадбекқызы, Қымбат Әжікеева, Жәмила Қоқымбаева сияқты мемлекеттік қызметшілерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Дендеріне саулық, отбастарына амандық, қызметтеріне табыс тіледі. Мерекелік қабылдауға аудан әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалым Сәлімұлы Жусанбаев қатысып отырды.

                                                                                «Аспантау ақпарат»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password