Мемлекеттік сатып алу мониторингі нәтижесінде бағаны асыра көтеру деректері тіркелген

    «Жол картасы-2020» бағдарламасына «Бірыңғай терезе» арқылы сатып алау жағдайындағы жемқорлық қаупін азайту шаралары да кіреді. Департамент осы тұрғысында ақпан айынан бастап жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген.

     Жүргізген іс-шара барысында сатып алу бағасын асыра көтеру деректері анықталған.

Жыл басынан Департаментпен барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарланған бағаларды қайта қарау туралы 43 ұсыным хаттар жіберілді. Мысалға, «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 дана кітап сатып алуға 46млн. 321мың.429теңге бөлу қарастырып, Департаменттің ұсыныс хатының нәтижесінде кітап бағасы 1850 тенгеге дейін төмендетілді. Нәтижесінде 18 571 429теңге қаражат үнемделді. Департаменттің ұсыныс хаттары негізінде Алматы облысының денсаулық сақтау мекемелерінде үнемделген қаражат 286 137 726 теңгені құрадғандығын атап өтті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы. Мемлекеттік сатып алу мониторингі нәтижесінде Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханада – 126 млн.тенге, Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығында — 69 млн.тенге қаражат үнемделді.

  Осылайша, бұл фактілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлауда бағанының жоғарлауын көрсетеді, бұл бюджет қаражатын мақсатсыз, тиімсіз пайдалануға әкелуі мүмкін.

  Департаменттің мақсаты — осы әлеуметтік маңызды бағыттардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Аталған бағыттағы жұмыс Департаментпен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password