Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде әрбір азамат тегін медициналық көмекке қол жеткізе алады

         Мемлекет халықты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында негізгі медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
​- ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
— ЕМХАНАЛАРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға терапевттің, бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
​- ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ:
✓ әлеуметтік маңыздылығы бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер);
✓ негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.);
✓ қоршаған ортаға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
​Сондай-ақ, белгілі бір ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар, негізгі ауруы бойынша тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алатындығы туралы атап өту қажет. Себебі бұл көмек ТМККК аясында жүзеге асырылады және сақтандыру мәртебесіне байланысты емес. Алайда, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көмек түріне жүгінетін болса, онда сақтандырылу мәртебесі маңызды. ​
​Медициналық мекеме ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
​КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password