Маңызды мәселе сөз болды

             Желтоқсан айының соңғы аптасында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

        Жиынды кеңес төрағасы Ж.Үйсінбаев ашып, жүргізіп отырды. Кеңеске аудандық Қоғамдық Кеңестің экономика саласы бойынша комиссия төрағасы Б.Қоңырбай және Қоғамдық Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кеңестің күн тәртібінде бір мәселе қаралып, таныстырылды.

       Күн тәртібінде «Райымбек ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімінің жобасы жөнінде аудандық «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» басшысы Е.Әлдибеков баяндама жасады. Кеңес мүшелері қаралған мәселені талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

       Кеңес жұмысын кеңес төрағасы Ж.Үйсінбаев қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті басшылық орындарға ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.

    Рашид Зординов,

аудандық мәслихаттың

бас маман, заңгері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password