Мамандықтың төресі

       Ұстаз – барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан. Сондықтан дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық. Әсілі, мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы деуге де болады. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»- деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы адам өмірінде ұстаздардың еңбегі зор.

       Бүгінгі таңда ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең тараған тіл. Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бурабаева Гаухар Бектұрқызы осы әлімдік қолданыстағы тілді ауыл балаларына үйретуден еш жалыққан емес. Г. Бурабаева еңбек жолын 2008 жылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептен бастаған. Бүгінгі таңда Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Атап айтсақ, аудандық пәндік олимпиадада оқушысы Тұрдақынова Томирис 3 орын, республикалық онлайн Кio.kz, Nio.kz олимпиадаcында 2 сынып оқушысы Болат Бақдәулет 2 орын, 2 сынып оқушысы Тұманбек Анел 2 орынды иеленсе , Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген облыстық байқауда оқушысы Болатжан Маржан 2 дәрежелі дипломмен марапатталған. Сонымен қатар, 10 сынып оқушысы Болатжан Нұржан республикалық «Айқанат» олимпиадасының облыстық кезеңінен өтіп республикалық кезеңге жолдама алды. Пән иесі оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы өте жоғары дейді. Ұлағатты ұстаз шәкірттері биіктерден көрініп жүргенін мақтаныш тұтады.

Д. ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password