Латын   әліпбиіне көшу — заман талабы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қоғам дамуына тың серпін берген, барша қазақстандықтардың жаппай қолдануына ие болған тарихи бастама. Елбасы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Сондағы алғашқы міндеттердің бірі- қазақ жазуын біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау. Ақпараттық деректерге сүйенсек, әлемнің 70 пайызы латын әліпбиін қолданады. Өркениеттің жазу құралы болған латын әліпбиі–ғылым мен техниканың тілі.  Елбасымыз міндеттеген жоспарды жүзеге асыру мақсатында, Алматы облысының барлық аудандарында «Тіл-оқу» әдістемелік орталығы ашылып, оқытушы мамандар латын әліпбиін оқыту курстарын  бастап кетті.

   Қазақ әліпбиі- қазақ әріптерінің тізбегі. Қазақ әліпбиі сонау Y-YI ғасырдан  бастау алады. Қазақ халқы 1929 жылға дейін араб әліпбиін қолданды.  Ал 1929-1940 жылдар аралығында жазу-сызу латын әліпбиінде болды.1940 жылы Кеңес Одағы тұсындағы мемлекеттер біртекті әліпбиді пайдалану қажет деген мақсатта кирилл негізді  әліпбиді қабылдадық. Демек, біздің  қазақ тарихының бедерінде латын әлібиін 11 жыл қолданғанымыз рас. Ата-бабаларымыз латын әліпбиінде оқып, жазды. Жазу- өткеніміз бен бүгінгіні жалғайтын алтын көпір емес пе? Алаш зиялыларыда  құнды мұраларын латын әліпбиінде жазып қалдырған. Қазіргі таңда жұртшылық арасында латын әліпбиі туралы түсінік әлі де таяз. Себебі латын әліпбиін–латынша сөйлеу  немесе бейтаныс әріптер деп үдірейе қарайтындарды кездестірдік. 70 жыл бойы кирилл ғарпінде жазуға дағдыланған  халыққа әлі де  латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру, насихаттау қажет іс.Латын әліпбиіне көшу тілдің емес, таңбаның  ауысуы. Тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын   я,  ч,  щ, ц, ю, ь сияқты әріптер латын әліпбиінен алынып тасталды. Сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Осы уақытқа дейін орыс тіліндегі сөздерді орфоэпиялық заңдылығы бойынша қабылдадық. Кірме сөздерді орыс тіліндегі емле ережесімен жазып келдік. Орысша жазуға қызмет еткен  әріптер орнына латын әліпбиінде қазақтың төл әріптері жазылады.«Қазақтың сөзі кілемге түскен түрдей»,- деп ғалым А.Байтұрсынов айтқандай әуезді, өрнекті тіліміздің заңдылығы сақталмақ. Ең бастысы, қазақ тілінің тынысы кеңейеді.

Латын әліпбиі -қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне, әдеби-мәдени дамуымызға ықпалын тигізеді.Болашақта қазақ тілін әлемге танытатын латын әліпбиі-жарқын болашақтың кепілі болмақ.

Гулбану Корабаева

Райымбек аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының

оқытушысы.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password