Көмек қолын созды

     Әлемді шарпыған коронавирус мемелекетімізге де айналып өтпей, өз зиянын тигізіп жатқандығы баршамызға мәлім. Осындай ел болып сынға түсіп жатқан шақта халықтың тұрмыс тіршілігіне  бейжай қарамай қолдан келгенше бір-бірімізге көмек қолын созып жатқанымыз–ол  бірлігіміз бен татулығымыздың бек жемісі деуге болады. Қиын қыстау күндерде үнсіз қалмай қолындағы барымен бөлісіп жатқан атымтай азаматтарымыз қаншама. Карантин жарияланған сәттен бастап мемлекет тарапынанда халқымызды қолдауға арналған  ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралар қолға алынып жатқандығы аян.

Ауданымызда Республикалық «BIZBIRGEMIZ»  акциясының аясында қолдауды қажет ететін әлеуметтік  топтарға  көмектер көрсетілуде. Өткен аптада осындай игі шара өз жалғасын тапты «Алматы облысының Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Райымбек аудандық «Ветстанция пункттері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» мекемесінің басшысы Берікбай Айбектің бастамасымен ауылдық округтердегі ветпункт меңгерушілерінің қолдауымен аудан көлемінде жанұяларға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Текес ауылында 7 отбасына, Сарыжаз ауылында 2 отбасына, Сүмбе ауылында 2 отбасына және Қарасаз, Шалкөде, Қайнар, Тегістік, Сарыбастау, Қақпақ, Нарынқол, Жамбыл ауылдарында 1 отбасына барлығы 19 отбасына көмек берілді. Бұндай игі істер ауданымызда әлі де өз жалғасын табатындығына еш күмән жоқ. Біз біріккенде ғана осындай аты жаман ауруды жеңіп шығатындығымызға еш шүбә жоқ. Ауызбіршілігіміздің арқасында тарих куә болған талай зұлмат заманнан да аман-есен өтіп, бүгінгі бейбіт өмір сүріп, мемлекет болып қалыптасқанымыз бұл қазақ халқының қайсарлығы мен рухының биік екендігін сан мәрте көрсеткен болатын. Олай болса еңсемізді түсірмей, татулығымызды ту етіп, баршамыздың бірге екендігімізді көрсете білейік.

           Олжас ҚИЯСҰЛЫ,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password