Көмек қолын созды

       Жер жүзін жайлаған пандемияның салдары көп істерге күрмеу болып, кедергісін тигізді. Соның салдарынан адам жанының арашашысы ақ желеңді абзал жандарға артылар жүк те міндет те аз болмады. Қиындықта қолдау көрсетіп, бір қолдың саласындай болған қайырымды жандар аудан тұрғындарының денсаулығына бей-жай қарамады. Жанашыр жандар аудандық ауруханаға қолдан келгенше көмек етіп, медициналық аппараттар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.

       «Ер – туған жеріне» деген аталы сөздің мәні мен мазмұнын терең ұғынғандай болдық. Ауданымыздың туған түлектері аға буын өкілдерінің ізін жалғаған жомарт жандар «Audid contruction» құрылыс компаниясын басқаратын Олжас Базарбай бастаған Ернұр Көшкінбаев пен Заңғар Жекенұлы сынды азаматтар бір оттегі концентраторы аппараты мен 2500 дана медициналық бетпердені ауруханаға табыс етті. Бұл медициналық аппараттар тікелей аудан халқының денсаулығын жақсартуға себеп болары сөзсіз.

        Қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген таулы өлкенің тумалары ел-жұрттың айтар алғысын арқалады. Жанашыр жандарға аудан әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев аудан тұрғындарының атынан ризашылығын білдірді.

Елдос Ахметжан,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password