Көксу ауданында 262 түлек ҰБТ тапсырады

 Бүгін 2020 жылы ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру туралы тікелей эфирде Көксу ауданы білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязовпен онлайн брифинг өтті. Осы орайда тестілеуге қатысты біраз әңгіменің күрмеуі шешілді.

Ата-аналарға тестілеу кезіндегі түлектердің білуі тиіс мәліметтері нақты айтылды. Мәселен, тестілеудің өтетін жері, автобустағы және аудиториядағы санитарлық жағдай, тиым салынған заттар, оқушылардың тамақтануы мен ҰБТ-ның жалпы ережесі түсіндірілді.

Сонымен қатар, биылғы тестілеудің ерекшелігі аудиторияда түлектердің калькулятор қолдануына рұқсат етілді.

2019-2020 оқу жылында аудан мектептерін 11 сыныпта барлығы – 319 оқушы оның ішінде 266-ы, қазақ тілінде, 53-і орыс тілінде білім алды. ҰБТ тапсыруға 262 түлек өтініш беріп, тіркелді. Ол 82% құрайды.

2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыры аралығында мектеп бітіруші түлектер 2 түрлі әдіспен ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді:

Біріншісі – онлайн түрінде, ҰБТ өткізу пунктіне бармай, цифрлық идентификация арқылы (ЭЦП) 70% тіркеуден өтті;

Екіншісі – 18 жасқа толмаған мектеп бітіруші түлектердің 30% дәстүрлі түрде ҰБТ өткізу пунктіне барып өтініш тапсырды.

Өтініш берген оқушылар рұқсаттарын толық алды. ҰБТ тапсыру 2020 жылғы 27-30 маусым аралығында арнайы бекітілген кестеге сәйкес 4 кезекпен тапсырылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password