Келешекке кемел бастама

    2018 жылы Елбасы “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеу жариялаған еді. Ол бастама “Рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтасқан, елімізді рухани және әлеуметтік жағынан кемелдендіруге бағытталған болатын. Еліміздегі ең күрделі мәселелерді шешуге, бастысы халықтың әл-ауқатын арттыруға, еңбек адамының маңдай терін бағалауға, білім мен ғылымның сапасын арттыруға яғни білім алушының алдынан шығатын кез келген кедергіні алып тастауға, соңғы ғылыми жаңалықтар мен, заманауи технологиялық жабдықтар кез-келген ғылым саласын қамтамасыз етуге, кәсіп ашам деген кісілерді барынша қолдауға, әрбір отбасыға баспаналы болудың жеңіл жолдарын қарастыруға, тұрғын үй мәселесін тез шешуге, алыс аудан, ауылдарды газбен қамтамасыз етуге бағытталған бірегей бастама болды. Осы  үндеуінде “ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі» деген ұран көтеріп, өзгеге үлгі болайық, жұмыла жұмыс істейік деп, тозған қазды- топтанған торғай алатынын аңғартқан еді. Еліміз аман болсын, Қазақстанымыз қарқынды дамудың жолына түсіп, тілімізді, ділімізді, дінімізді сап таза күйінде болашақтан болашаққа  жеткізе берейік!

                                                                                            Баудынбай  Айтақын,

Шалкөде ауылдық

ақсақалдар алқасының төрағасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password