«Квант» еріктілер клубы

       Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай С. Сауранбаев атындағы орта мектебі жанынан «Квант» еріктілер клубы құрылған еді. Еріктілер ең алғашқы жұмысын мектеп ауласын тазартудан бастады. Сонымен қатар, ДЦП дертіне шалдыққан Фариза қыздың үйіне барып, ауласын тазалап, отбасы мүшелерінің көңілдерін демдеді. «Квант» еріктілер клубының құрылудағы мақсаты-қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да ауылымызға пайдасын тигізіп, көмек қолын қажет ететін жандарға қайырымдылық қасиетін сөзбен емес іспен көрсету болып табылды.

   Еріктілер елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шараларға байланысты ауыл тұрғындарына жан-жақты түсінік жұмыстарын жүргізді. Бетперделер мен басқа да қорғаныш құралдарын (антисептиктер) үлестірді. Әр көшеге, халық шоғырланатын жерлерге, қоғамдық орындарға көрсеткіштер мен ескерту қағаздарын қыстырды. Көпшілікті ауызбірлік пен сабырлы болуға шақырды. Осылайша, жұқпалы індеттің алдын алуға қажетті жұмыстарды жүзеге асырды. Еріктілер ауылдың тыныс-тіршілігіне құрылған шарапатты шараларды әлі де жалғастыруда. Ендеше іске сәт!

Әмина КЕМЕЛБАЙ,

«Сарыбастау тынысы»

газетінің тілшісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password