КАРТОП КӨЛЕМІ АРТАДЫ

       Райымбек ауданында соңғы үш жыл дың ауқымында картоп өсіру бағытындағы 4 сервистік-дайындау орталығы құрылып, жұмыс жүргізіп келеді. Біз аудандық мәслихаттың депутаты Марат Себдайыров басқаратын «Хантәңірі» сервистік-дайындау орталығында болдық. Бұл орталық 2018 жылы құрылған болатын. Оның құрамында аудан аумағында тұратын 5 шаруа қожалығы бар. Аталған серистік-дайындау орталығы 82 миллион теңгеге «МТЗ» — 892, 82 маркалы қуатты 9 трактор, қажетті техникаларын алды. Картоп жинайтын 3 комбайнның да берері көп. Былтыр орталықтың қарамағындағы шаруа қожалықтары 250 гектар жерге картоптың «Санте», «Агрия» атты берері көп сорттық тұқымын отырғызып, әр гектарынан орташа 250-300 центнерден өнім алды.

        -Аудан алғаш құрылған кезде сол тұстағы аудан әкімі, марқұм Жолан Омаровтың қолға алуымен картоп өсіру бағытындағы сервистік-дайындау орталықтары құрылды. Голландиядан картоптың берері көп тұқымы әкелінді. Міне, содан бері картоптың жақсы тұқымын өсіріп, көлемін ұлғайтып келеміз. Биыл «Хантәңірі» сервистік-дайындау орталығы бойынша картоптың көлемін 300 гектарға жеткізуді көздеп отырмыз,-дейді «Хантәңірі» сервистік-дайындау орталығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Себдайыров.

        Мараттай еңбекқор азаматтың қарамағындағы «Мирас» шаруа қожалығы көктем егісін сәтімен жүргізіп жатыр. Қожалықтың 52 гектар егістікке арналған суармалы жерлері бар. Биыл олар 17 гектарға картоп отырғызады. «Хантәңірі» сервистік-дайындау орталығы ішінде механизаторы, жүргізушісі, мамандары бар барлығы 20 адамды еңбекпен қамтып отыр. Былтыр Райымбек ауданында картоп өсіру бағытындағы «Үш Қақпақ» сервистік-дайындау орталығы құрылып, іске кірісіп кетті. Аталған орталық 165 миллион теңгеге 13 трактор, қажетті агрегаттар сатып алды.

Қанат Біржансал,

Тегістік ауылы.

       Суретте: «Хантәңірі» сервистік-дайындау орталығының жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Себдайыров «Мирас» шаруа қожалығының бригадирі Бақдәулет Әметханов, механизатор Жоламан Манаппен егіс басында.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password