«Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында

       Қазақстан Республикасының халқын тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға бағытталған, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кадрлік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 2020 жылға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасын» жүзеге асыру барысын қоғамдық бақылау бойынша,  Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерінен комиссия құрылды.

         Комиссияның құрамына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаты Б.Бірбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Г.Арипова,азаматтық қоғам өкілдері енгізілді. Комиссияның негізгі міндеті –жоғарыда аталған бағдарламаның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды іске асыру болып табылады.  Райымбек ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына: аудандағы 19 мектептің ішкі дәретхана жұмыстары,  Қ. Шорманов, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептертің күрделі жөндеу жұмыстары, Сарыбастау ауылындағы бала-бақшаның күрделі жөндеу жұмыстары мен Жамбыл, Қызылшекара ауылдарының ауыз су жүйесінің жұмыстары, Нарынқол, Жаңа Текес ауылдарындағы көше жарықтарын орналастыру, Сарыжаз, Қайнар, Сүмбе, Текес, Нарынқол ауылдарының көшелерін жасау жұмыстары жоспарланған.

          Үкіметтің қаулысымен, жоспарға сәйкес мектептегі дәретханаларды ішке орналастыру жұмыстары  жасалып жатыр.   2020 жылдың 9 маусымы күні  аудандық мәслихат хатшысы Е.Құдабаевтың бастамасымен облыстық мәслихаттың депутаты Б.Бірбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары Н.Алиев, С.Мүсірбаев, Қ.Бошуғұлов, Е.Бестібаев, Д.Ерназарұлы, қоғамдық кеңес мүшелері және ауданның «Білім бөлімі»  ММ басшысы  С.Үмбеталиевтің қатысуымен бақылаушы топ аталған бағдарлама негізінде аудан аумағында салынып жатқан құрылыс объектілерінің жұмыс барысын бақылап қайтты.  Бақылау барысында аудан орталығы  Нарынқол ауылындағы Т. Жанұзақов, Б. Соқпақбаев, О. Жандосов  орта мектептерінің директорлары  М. Ыстыбеков, Г. Төлегенова, Н. Шакеновтарға және  мердігер компания «Qurylys Samruk» ЖШС өкілдерімен кездесіп,  әр салынып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы болуына баса назар аудару керектігін атап айтты. ҰБТ өтетін Б. Соқпақбаев мектебінің құрылысын мерзімінде бітіру кезек күттірмес мәселе. Сондықтан, аталған оқу ордасында жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

         Алдағы уақытта да, объектілердің жұмысы аудандық мәслихат депутаттарының қатаң бақылауында болатыны айтылды.

Білім ошақтарында өскелең ұрпақтың игілігі үшін,  атқарылып жатқан жұмыстар жоспарланған уақытта толығымен аяқталады деген сенімдеміз.

         Жоғарыда аталған  бағдарлама бағанына кірген өзге де құрылыс нысандарын  аралау бақылаушы топтың алдағы  жұмыс жоспарындағы ең өзекті мәселе.

Ерлан Құдабаев,

аудандық мәслихат хатшысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password